Испанияда орман өрті қалаға таяп қалды

Испанияда орман өрті қалаға таяп қалды

Испанияның оңтүстігіндегі Андалусия аймағында бірнеше күн бұрын басталған орман өрті дес бермей тұр.

Тілсіз жаумен мыңға жуық өрт сөндіруші күресіп, оннан астам ұшақ пен тікұшақ жұмылдырылған. Алайда желдің кесірінен лаулаған жалынды ауыздықтау мүмкін болмай тұр. 3 өрт сөндіруші зардап шеккен. Өрт Пухерра тауының етегіндегі Бенехавис қаласына жақындап, 2 мыңнан аса тұрғын қауіпісз жерге көшіріліп жатыр.