Италияда жеті адамның мәйіті табылды

Италияда жеті адамның мәйіті табылды

Италияда өткен бейсенбі күні апатқа ұшыраған тікұшақтағы 7 адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тікұшақ Тоскана мен Эмилия-Романия аймақтарының арасындағы таулы жерге құлаған. Лукка қаласынан ұшып шыққан тікұшақ радар бетінен жоғалып кеткен. Кейбір мәліметтерге қарағанда оның бортында бір италиялық ұшқышпен бірге Түркияның 4 және Ливанның 2 азаматы болған. Әзірге апаттың себептері белгісіз. Тергеу жүріп жатыр.