Испания жағалауында суға секірген 17 мигрант құтқарылды

Испания жағалауында суға секірген 17 мигрант құтқарылды

Испанияның үкіметтік емес ұйымының қызметкерлері Жерорта теңізінде 17 мигрантты өлім аузынан аман алып қалды.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, кірмелер Ливия жағалау күзетінің қызметкерлеріне ұсталмау үшін өмірлерін қауіпке тігіп суға секірген. Арасында кәмелет жасқа толмаған жасөспірім бар. Құтқарылған мигранттар «Айта Мари» кемесімен Лампедузаға жеткізіліп, оларға медициналық көмек көрсетілді.

Изаскун Арриаран, құтқарушы:

- Бұндай жағдайды талай рет естісем де алғаш рет көруім. Ливиядан шыққан мигранттар еліне қайта оралғаннан гөрі суға батқанды жөн көреді. Өте өкінішті, ақылға қонымсыз. Абырой болғанда, адамдардың өмірін сақтап қалдық.