Қытайдың Харбин қаласын су басты

Қытайдың Харбин қаласын су басты

Қытайдың Харбин қаласын су басып жатыр. Ұзақ уақыт жауған нөсер соңы алапат тасқынға ұласқан.

Жергілікті ақпарат хабарлауынша, шаһардың кейбір жерінде су деңгейі көтерілген. Осыған байланысты 10 миллионнан астам тұрғыны бар қалада көлік қозғалысы қиындады. Билік табиғи апат зардабын азайту үшін барын салатынын мәлімдеді. Тасқын оңтүстік провинциялар да болып жатыр.