Сингапурде инфляция деңгейі жоғарылады

Сингапурде инфляция деңгейі жоғарылады

Сингапурде инфляция деңгейі 5 процентке көтеріліп, соңғы 10 жылдағы ең жоғары көрсеткішке жетті.

Салдарынан жергілікті валюта құнсызданып, негізгі тауарлар мен азық-түлік қымбаттады. Сарапшылар шикізат өнімдері мен тауар жеткізу құны да қымбаттайды деп қауіптенеді. Бұл арал-мемлекеттте дағдарыс тудыруы мүмкін.

Тан Конг Ям, экономика профессоры:

- Сингапурға барлық азық-түлік сырттан әкелінеді. Мысалы, күріш Таиландтан, жеміс пен көкөніс Малайзия және Қытайдан тасымалданады. Үкімет тұтынушыларды ғаламдық инфляцияның теріс ықлапынан қорғау үшін Сингапур долларының бағамын ұстап тұруға мәжбүр болады.