Лондонда халық қымбатшылыққа қарсы шеруге шықты

Лондонда халық қымбатшылыққа қарсы шеруге шықты

Ұлыбритания астанасы Лондонда халық шеруге шықты. Шаһардың орталық көшелерімен жүріп өткен тұрғындар инфляцияның шарықтауына наразы.

Акцияға қатысушылар үкіметтің экономикалық мәселелерді шеше алмай отырғанына ашынады. Олар биліктен жанармай, азық-түлік пен электр энергиясы бағаларының өсуімен күресіп, әлеуметтік қолдауды күшейтуді талап етті. Инфляцияның шарықтауы елде пандемиядан кейін экономика жанданып, тұтынушылар сұранысының артуымен басталған. Бірақ әлемдегі геосаяси тұрақсыздықтан жағдай шиеленісіп кетті.

Фрэнсис О`Грэйди, Кәсіподақтар конгресінің бас хатшысы:

- Инфляцияны жалақымен байланыстыру дұрыс емес. Бұл мәселе энергоресурстардың қымбаттауынан туындағанын бәрі біледі. Осыған байланысты үкімет халықты қолдау шараларын күшейтуі керек.