Қытайда жойқын торнадо ойран салды

Қытайда жойқын торнадо ойран салды

Құйын жағалаудағы елді мекендерді жайпап шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Куәгерлердің айтуынша, құйын кенеттен басталған. Желдің екпіні секундына 10 метрден асып кетті. Табиғаттың тосын мінезінен оңүстік провинцияда бірнеше тұрғын үй қирады. Аймақта электр желілер үзіліп, ағаштар құлап қалған. Көшеде ғимараттардың шатыры ұшып, тұрғындардың өміріне қауіп төнді. Қазір құтқарушылар апат салдарын жоюға кірісті. Мамандар шығынды есептеуге кірісті. Әзірге зардап шеккендер жайлы ақпарат түскен жоқ.