Канадада төлқұжат алу үшін тұрғындар көшеде түнеуге мәжбүр

Канадада төлқұжат алу үшін тұрғындар көшеде түнеуге мәжбүр

Канаданың төлқұжат беру орталықтарында ұзынсонар кезек пайда болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған елде коронавирусқа қарсы шектеулер жойыла салысымен төлқұжат алушылар қарасының күрт артуы әсер еткен. Салдарынан шетелге саяхаттамақ болған азаматтар төлқұжат беру кеңселері алдында ұзақ күтуге мәжбүр. Монреалда тіпті көшеде шағын шатырлар тігіп, түнеп жатқан адамдар бар. Торонто, Ванкувер және Онтарио қалаларындағы төлқұжат беру орталықтарында да осындай жағдай қалыптасқан.