Әлемде босқындар саны 100 млн-ға жетті

Әлемде босқындар саны 100 млн-ға жетті

Әлемдегі босқындар саны 100 миллионға жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы жуырда Біріккен Ұлттары Ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерриш мәлімдеді. Босқындар санының артуына түрлі елдердегі соғыс, зорлық-зомбылық және адам құқығының бұзылуы сынды жайттардың көбеюі себеп болып отыр. Әсіресе Украинадағы ахуал. Соның кесірінен Еуропада ІІ дүниежүзілік соғыстан бері болмаған босқындар дағдарысы туған.