Перуде 1 тоннадан астам кокаин тәркіленді

Перуде 1 тоннадан астам кокаин тәркіленді

Перу полициясы 1 тоннадан артық кокаинды құрықтады. Заңсыз жүк елдің үш аймағында жүргізілген арнайы операция барысында табылған.

Кей жерлерде қылмыстық топтар полицейлерге қарулы қарсылық та танытқан.

Айта кетейік, Перу әлемде Колумбиядан кейін кокаинды ең ірі өндіруші мемлекет саналады. Сарапшылардың пайымынша, бұл елде қылмыстық топтар жыл сайын 400 тонна есірткіні шетел асырады екен. Олардың қатарында Боливия, АҚШ,  Еуропа және Бразилия бар.