Украинадағы бейбіт тұрғындар арасындағы құрбандар туралы тың мәлімет жарияланды

Украинадағы бейбіт тұрғындар арасындағы құрбандар туралы тың мәлімет жарияланды

БҰҰ Украинадағы бейбіт тұрғындар арасындағы құрбандар санына қатысты тың мәлімет жариялады.

Ұйым өкілдерінің дерегіне қарағанда бұл елде қарулы қақтығыс басталғалы 4634 бейбіт адам қаза тапқан. 5 мыңнан аса тұрғын жараланған. Марқұмдардың 320-сы бала. Бірақ ұйым өкілдері шын мәнінде құрбандар саны ресми ақпардан әлдеқайда көп болуы мүмкін деп отыр. Бейбіт тұрғындар көбіне зеңбірек және зымырандармен атқылаудан көз жұмып жатқанын айтады. Ал қарулы қақтығыстан қазірге дейін 8 миллионнан аса адам баспанасын тастап босқынға айналған. Олардың басым бөлігі Польшаға бас сауғалаған.