Қытай биыл 22 рет ғарышқа спутник ұшырды

Қытай биыл 22 рет ғарышқа спутник ұшырды
inform.kz

Қытайлық Цзюцюань ғарыш айлағынан Gaofen-12 қашықтан зондтау спутнигі ұшырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қытайдың мемлекеттік зымыран-ғарыш корпорациясының жазуынша, бортта ЖҚЗ (Жердің қашықтан зондтау) спутнигі бар Long March 4С зымыран-тасығышы 27 маусымда сағат 15.46-да UTC (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 21.46) ұшырылды. Бұл Қытайдың 2022 жылғы 22-орбиталық ұшырылымы болды.

Миссияның сәтті орындалғаны расталды, спутник орбитаға шығарылды. Қытайлық Gaofen ЖҚЗ жерсеріктері тобының алғашқысы 2013 жылдың сәуірінде ұшырылған болатын. Содан бері әртүрлі зымырандарда тағы 20-дан астам жерсерік ұшырылды. Олар мөлшері, орбитасы және нақты пайдалану жағдайы бойынша ерекшеленеді.