Колумбиядағы түрмеде сотталғандардың туған-туыстары полициямен қақтығысты

Колумбиядағы түрмеде сотталғандардың туған-туыстары полициямен қақтығысты

 Жанжалға колонияда шыққан бүлік себеп болған. Жазасын өтеушілер камера ішінде төсек орындарын өртеген. Билік мұны түрмеден қашу әрекеті деп бағалады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүлік салдарынан 51 адамның көз жұмғаны анықталды. Сарапшылар Колумбиядағы түрмелердің адамға шамадан тыс толы болатынын айтады. Өрт шығып, бүлік болған камерада 80 жазасын өтеуші отырған.

- Полиция бізге көзден жас ағызатын газ шашып, тас лақтырды. Біз әйел, ана емеспіз бе?! Сақшылардың қолынан келетіні – бізді ұрып-соғу.

- Осында отырған ұлымнан еш хабар жоқ. Бізге түрменің ішіне кіруге рұқсат берсе дейміз. Әділдік орнағанын қалаймыз.