Испанияда әуе рейстері жаппай кейінге шегерілді

Испанияда әуе рейстері жаппай кейінге шегерілді

Испанияда әуе рейстері жаппай кейінге шегеріліп жатыр.

Себебі «Райанэйр» және «Изи джет» әуе компанияларының бортсеріктері мен экипаж мүшелері тағы да ереуілге шықты. Кәсіподақ өкілдерінің айтуынша, ирландиялық әуе компания жергілікті еңбек заңнамасын өрескел бұзып отыр. Наразы топ еңбекақының талапқа сай еместігін және жұмыс орнында қолайлы жағдай жасалмағанын айтады. Мәселен, «Изи джет» әуе кемесінің қызметкерлері айлықты кемінде 40 процентке көтеруді талап етті. Егер бұл сұраныстары орындалмаса, тағы 9 күн үйге қайтпауға бел буып отыр.

Анна Рём, даниялық студент:

- Рейсіміз кейінге шегерілді. Өтемақы алайық немесе билетті басқа рейске ауыстырайық деп тұтынушыларды қолдау қызметіне хабарласып едік, ол әрекетімізден түк шықпады. Елге қайтқымыз келеді.