Перуде лай көшкінінен 150 үй қирап қалды

Перудің солтүстігінде лай көшкіні 150 үйді қиратты.

Елдің Төтенше жағдай кезінде жедел әрекет ету орталығының мәліметі бойынша табиғат апаты Чавин-де-Уантар провинциясында болған.

Абырой болғанда, қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ. Бірақ із-түзсіз жоғалып кеткендер бар. Қазір оларды құтқарушылар іздеп жатыр. Аймаққа көмек ретінде жаяу әскердің 80 сарбазы мен 2 жәдел жәрдем көлігі жіберілген. Билік электр жарығы мен су беруде және телекоммуникация жүйесінде қиындықтар туындап отырғанын мәлімдеді.

Сондай-ақ...