Мысырда акула туриске шабуыл жасады

Мысырда акула туриске шабуыл жасады

Мысырдың Хургада курортты қаласының жағалауында акула туриске шабыл жасады. Жан түршігерлік кадрлар әлеуметтік желілерде жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға Сахль Хашиш қонақ үйі орналасқан жерде болды. Куәгерлер ұзындығы 3 метр акуланы  байқаған соң судағыларды дереу ескертуге тырысқанмен жыртқыш балық бір әйелге шап беріп үлгерген. Зардап шеккен турист аяғы мен қолынан айырылды. Ақпарат көздері оның ауруханаға барар жолда жан тапсырғанын хабарлайды. Жағажай уақытша жабылып, жүзуге, дайвинг пен балық аулауға тыйым салынды.