Ұлыбританияда Рыбакина ширек финалға шықты

Ұлыбританияда Рыбакина ширек финалға шықты

Рыбакина ширек финалға шықты. Ұлбыританияда теннистен жылдың ең басты бәсекесі Уимболдан турнирі жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жарыстың кезекті күні қазақстандық Елена Рыбакина хорватиялық Петра Мартичпен кездесті. Айта кету керек, Рыбакина қазір әлемдік рейтингтің 23-ші, ал, қарсыласы – 80-сатысында. Сәйкесінше, ойын барысында жерлесіміз айқын басымдық танытты. Қорытынды есеп: 7:5, 6:3. Ал, матчтың өзі 1 сағат 22 минутқа созылды.

Айта кету керек, Рыбакина Уимболдан турнирінің ширек финалына алғаш шығып тұр. Ал, оның келесі қарсыласы әзірге белгісіз. Қалған жерлестеріміз жарыс жолынан шығып қалды. Лондондағы турнир 10 шілдеге дейін жалғасады. Оның жалпы жүлде қоры 49 млн АҚШ долларын құрайды.

Елена Рыбакина, теннисші:

- Матч оңай болған жоқ. Жеңіске жетуіме осында жиналған жанкүйерлердің де көмегі тиді. Жалпы бұндағы атмосфера өте керемет. Осы жарысты бала кезімде теледидардан көріп, топ жаруды армандайтынмын. Бірте-бірте соған жақындап келе жатқаныма қуаныштымын.

НҰР-СҰЛТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Қоржында 43 медаль. Оның 16-сы алтын. Елордада бокстан халықаралық турнир мәресіне жетті. «Елорда Кубогы деп аталған жарысқа 10 елден 400-ден аса спортшы қатысқан. Бас-аяғы 25 медаль жиынтығы сарапқа салынды. Ерлер арасында 13, ал, әйелдер арасында 12 салмақтағы үздіктер анықталды. Нәтижесінде ерлер арасында ұлттық құрама мүшелері Теміртас Жүсіпов, Сәкен Бибосынов, Махмұд Сабырхан, Серік Теміржанов және Асланбек Шымбергеновтар кезекті рет өз мықтылықтарын дәлелдеді. Ал, жеңіл салмақтағы Сәкен Бибосынов финалда кубалық  Алехандро Кларо Фиссті ұтып, жарыс қорытындысы бойынша «ең үздік боксшы» деген атаққа ие болды. Жалпыкомандалық есепте біздің жігіттер бірінші орынға тұрақтады. Қыздар арасында қазақстандық Жайна Шекербекова, Карина Ибрагимова және Валентина Хальзовалар қарсылас шақ келтірмеді. Жалпыкомандалық есепте Қытай құрамасына жол беріп, екінші сатыға жайғасты.

НҰР-СҰЛТАНДА МЕМҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ СПАРТАКИАДА ӨТТІ

Әкімшілікте қызмет ететін заңгерлер, есепшілер, менеджерлер және басқа да қызмеркерлер костюм-шалбарларын спорттық киімге алмастырып, жарыс алаңына шықты. Бұқаралық спорттық дамыту мақсатында елордада мемлекеттік қызметкерлер арасындағы спартакиада ұйымдастырылды. Оған бас аяғы 15 мекеменің мамандары жиналды. 200-ге жуық әуесқой спортшы 3 күн бойы бірнеше бағытта өзара мқытыны нақытады. Оның ішінде волейбол мен футбол сияқты командалық және теннис, жүзу, бильярд сияқты жекелей бәсекелер бар. Жарыс бағдарламасына ұлттық ойындардан тоғықұамалақ пен қазақ күресі де қосылған. Жарыс нәтижесінде әр спорт түрінің үздіктері анықталып, қалалық құрама жасақталды. Енді олар сала қызметкерлері арасындағы республикалық спартакиадаға аттанады. Оны биыл Павлодар қаласы қабылдайды. Ал, жарыстың өзі 13-17 шілде аралығында өтеді.