Испанияда орман өрті өршіп тұр

Испанияда орман өрті өршіп тұр

Испанияның Валенсия қаласында орман өртеніп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дес бермей тұрған тілсіз жау 1000 гектардай жерді жалмаған. Қазір қызыл жалынмен 200-ден астам маман күресіп жатыр. Тағы бірнеше тікұшақ тартылған. Синоптиктер аймақта екпінді жел болуы мүмкін екенін ескертіп жатыр. Бұл өртті сөндіруге айтарлықтай кедергі келтіруі мүмкін.