Колумбияда су тасқынынан 13 мың адам зардап шекті

Колумбияда су тасқынынан 13 мың адам зардап шекті

Колумбияның солтүстігінде жаңбыр селдетіп, көп мекенді су басып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кордова аймағында өзендердің тасуынан 13 мың адам зардап шеккен. Тұрғындар кей жерлерде су белуардан асатынын айтады. Қазір табиғат апаты жайлаған аудандарда құтқару жұмыстары жүріп, тұрғындарға түрлі көмек көрсетіліп жатыр.

Мария Кантеро, тұрғын:

– Жаңбырдың толассыз жаууы салдарынан өзендер арнасынан тасып жатыр. Осының кесірінен балаларға қауіпті масалар көбейді. Ауыл маңында жыландар да қаптап кетті.