Пәкістанда Құрбан айтқа дайындық басталды

Пәкістанда Құрбан айтқа дайындық басталды

Ертең күллі мұсылман қауымы ұлық мейрамды тойлайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үш күнге созылатын мереке кезінде құрбандық шалынып, қайырымдылық істер атқарылады. Бұл күндері күллі мұсылман қауым ұлық мерекенің дайындығына кірісіп кеткен. Айттың алғашқы күні шаңыраққа ағайын-туыс жиналады. Халық базар аралап, азық-түлік сатып алудың қамымен жүр. Бірақ бізге жақын жатқан ауған жерінде де, алыстағы Африка мемлекеттерінде де, қымбатшылық тұрғындарды қос бүйірден қысып тұр.

Қарапайым адамның құрбандық шалуы қиындап кетті. Орта тап діни рәсімді орындай алмайды.

Былтыр бір ешкіні 225 долларға сатып алып ем. Биыл оның бағасы 400 доллар тұрады. Өкінішке қарай, мұны қалтам көтермейді.

Сатушылардың сөзінше, бағаның шарықтауына азық-түлік пен жанармайдың қымбаттауы әсер еткен. Салдарынан халық тарапынан тек етке ғана емес, күнделікті тұтынатын тауарларға да сұраныс жоқ көрінеді. 

Балиг Хамди, жеміс-жидек сатушы:

– Бұрын жеміс-жидек пен тәттіге сұраныс жоғары болушы еді. Қазір көріп тұрғандарыңыздай, ештеңе өтіп жатқан жоқ. Жұрттың қалтасы көтермейді себебі елдегі экономикалық жағдай мәз емес.

Бір қуанарлығы, биыл шартараптан ағылған мыңдаған адам бұрынғыша Мекке-Медина топырағын басуға мүмкіндік алды. Екі жылға созылған тыйымнан кейін жергілікті билік шетелдіктерді қабылдауға рұқсат берген еді. Қазір бәрі қасиетті шаһардың іргесіндегі Мина жазығына жайғасқан. Індеттің әлі аяқталмаған ескерсек, ұзақ жерден келген мұсылман қауымның қауіпсіздігі үшін бәрі қарастырылған.