Тигран Кеосаян, патриарх Кирилл. Канада тағы кімге санкция салды?

Канада Ресейге жаңа санкция салды. Бұл жолы тізімге осы елдің 29 азаматы ілікті.

Олардың арасында патриарх Кирилл мен актер Тигран Кеосаян бар. Қара тізімге Сыртқы және ішкі істер министрліктерінің ресми өкілдері Мария Захарова мен Ирина Волк та енген. Бірінші телеарна, НТВ, Тасс агенттігі мен Спутник секілді бұқаралық ақпарат құралдары Канада жерінде хабар таратуын тоқтатады. Сонымен қатар ресейлік алтын импортына тыйым салынды.