Оңтүстік Кореяда тамақтану қызметінің бағасы қымбаттады

Оңтүстік Кореяда тамақтану қызметінің бағасы қымбаттады

Оңтүстік Кореяда тамақтану қызметтінің бағасы 8 процентке қымбаттады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған азық-түлік құнының өсуі себеп. Жағдайды реттеу үшін жуырда ел үкіметі жеті түрлі тауардың бағасын түсіру туралы шешім қабылдады. Ауыл шаруашылығымен айналысатын азаматтарға қаржылай көмек беру жағы да көзделіп отыр. Өйткені Ресей мен Украина арасындағы соғыс кесірінен елдегі инфляция шарықтау шегіне жетуі мүмкін, - дейді сарапшылар.