Жапонияда сайлауда билеуші партия жеңіске жетті

Жапонияда сайлауда билеуші партия жеңіске жетті

Жапонияда парламенттің Жоғарғы палатасына сайлауда бұрынғы үкімет басшысы Синдзо Абэ мүше болған билеуші Либералды-демократиялық партия жеңіске жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Одақтасы «Жаңа Комейто» партиясы да көп дауысқа ие болды. Қос саяси күш Кеңесшілер палатасының жартысын – 125 орынның 69 мандатын иеленуі мүмкін. Саяси додада 500 саясаткер бақ сынады. Сайлаудың ресми қорытындысы бүгін жарияланады. Жапонияның 245 орыннан тұратын жоғарғы палатасының жартысы әр 3 жыл сайын ауысып тұрады. Бірақ оның төменгі Өкілдер палатасына қарағанда құзыреті әлсіз. Себебі елдің үкімет басшысын сайлау және заңдар мен бюджетті қабылдау мәселесін Төменгі палата шешеді.