Макао карантинге жабылды

Макао карантинге жабылды

Макаодағы барлық казино жабылып, құмар ойындар компанияларының акциялары құлдырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған коронавирустың жылдам таралуы себеп. Макао әкімшілігі шілденің 10-ы күні жаппай карантин жариялайтынын алдын ала ескертті. Қаладағы 30-дан астам казино мен өзге де бизнес нысандары бір аптаға жабылды. Жергілікті халық сыртқа шықпай,  керек-жарақты тек тапсырыспен алдыра алады. Полицейлер көшедегі тәртіпті жіті бақылауға көшкен.

Айта кетерлігі, 19 мың халқы бар Макаода екі жылдың ішінде тұңғыш рет карантин жарияланып отыр. Маусым айының орта шенінен бері мұнда 1 500-ге жуық адам ковид жұқтырған.