Еуропада ресейлік олигархтардың активі бұғатталды

Еуропада ресейлік олигархтардың активі бұғатталды

Украинада қарулы қақтығыс басталғалы Еуроодақ елдері ресейлік олигархтардың 14 миллиард еуро болатын активін бұғаттаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шектеу көбіне үй мен яхталарға, сондай-ақ өзге де активтерге қатысты. Мамырдың соңында Еурокомиссия осы мәселе бойынша ережені қатаңдатуды ұсынған еді. Яғни санкция тізіміндегі олигархтар немесе өзге де азаматтар шектеуді айналып өтуге тырысса, бірден мүлкі тәркіленеді. Бұл ұсыныс кейін мақұлданған болатын.