Мексикада полиция мен қылмыстық топ арасында атыс болды

Мексикада полиция мен қылмыстық топ арасында атыс болды

Мексика астанасында мұздай қаруланған қылмыстық топ полицияға қарсы шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ресми ақпаратқа сүйенсек, он шақты қылмыскер полицияға қарсы қақтығыста 50-ші калибрлі снайпер винтовкасын, гранаталар мен пулемет қолданған. Қақтығыста 4 полицей жараланды. Оның біреуі ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Оқиға кезінде 14 күдікті қолға түскен. Оның төртеуі кейін босатылды.

Айта кетейік, қарулы қақтығыс Мексика астанасының оңтүстігіндегі Топилехо аймағында болған. Таулы мекен қылмыскерлердің жасырынуына аса қолайлы. Сондықтан мұнда ара-тұра осындай қақтығыстар болады.