АҚШ-та Starbucks 16 кофеханасын жауып тастады  

АҚШ-та Starbucks 16 кофеханасын жауып тастады  
www.gazeta.ru

Алпауыт «Старбакс» компаниясы өзінің 16 сауда орталығын жапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі кофеханаларды тонау оқиғалары жиілеп кеткен. Келушілер арасында есірткі қолданатындардың қатары да артыпты. «Қызметкерлерге қауіп төнгендіктен осындай шешім қабылдауға тура келді», – дейді компания басшылары. Енді Сиэтл қаласында Старбакстың 6 кофеханасы жұмыс істемейді. Тағы 10-ы Лос-Анджелес, Портлэнд, Филадельфия мен Вашингтондағы жұмысын тоқтатады. Ал ондағы қызметкерлер басқа орындарға ауыстырылмақ.

Айта кетейік, «Старбакстың» 80 елде 30 мыңнан астам кофеханасы бар. Оның 9 мыңға жуығы АҚШ-та орналасқан.