Лос Анджелесте карантин енгізілуі мүмкін

Лос Анджелесте карантин енгізілуі мүмкін

Лос Анджелес карантиндік шектеулерге қайта оралуы ықтимал.

Мұнда соңғы кездері коронавирусты жұқтыру дерегі жиілеп кеткен.

Өңірдегі денсаулық сақтау басшысының келтіруінше, ауруханаға түсетін науқас саны кемімесе, шілденің 29-ынан бастап ғимарат ішінде бетперде тағу талабы қайта күшіне енеді. Атап айтқанда, ең алдымен медициналық мекемелер, метро, автобус, аэропорт, түрме мен үйі жоқтар паналайтын мекемелердің ішінде маска тағу міндеттелмек.

Айта кетейік, Лос Анджелес халқы тығыз орналасқан АҚШ-тағы ең ірі қалалардың бірі. Шаһар маңындағы тұрғындарын қоса есептегенде халқының саны 10 миллионға жетеді. Жалпы АҚШ-та соңғы тәуліктерде ковидтің 200 мың дерегі тіркеліп отыр.  

Исак Бернато, қала тұрғыны:

- Қазіргідей эпидахуал кезінде бәрін ақылға салып, барынша сақ әрі болған жөн. Маска вирустан сақтар болса, демек оны таққанымыз дұрыс.