Иран АҚШ пен Израильге сес көрсетті

Иран АҚШ пен Израиль тарапынан Тегеранға қарсы жасалған кез келген әрекетіне қатаң жауап береді.

Ел президенті Ибрахим Раиси осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша құрама штаттары мен оның одақтастары аймақтағы тұрақсыздыққа жауапты болмақ.

Айта кетейік, қазір Ақ үй басшысы Джо Байден іс-сапармен  Израильде жүр. Жуырда тараптар Иерусалим декларациясына қол қойды. 4 беттен тұратын құжат екі елдің стратегиялық серіктесін нығайту мен Иранның  ядролық қаруға ие болмауына бағытталған.

Ибрахим Раиси Иран президенті:

- Америка мен оның одақтас елдеріне айтарым Иран өз қауіпсіздігінен бас тартпайды. Сондай-ақ елімізге қарсы жасалған кез келген қателік үшін қарап қалмай, қарымта жауап қайтаратын боламыз.