G20 қаржыгерлері Бали аралына жиналды

G20 қаржыгерлері Бали аралына жиналды

Бүгін «Үлкен жиырмалық» елдерінің қаржы министрлері мен орталық банк төрағалары Бали аралында бас қосты.

Шара екі күнге жалғасады. Алқалы жиында шенеуніктер инфляция, дефольт пен өзге де экономикалық мәселерді жан-жақты талқыға салмақ. Сонымен қатар, Украинадағы шиеленіс пен АҚШ - Қытай арасындағы қарым-қатынас тақырыбы кеңінен қозғалмақ. Әлем елдерін жайлаған энергетика мен азық-түлік қауіпсіздігі де назардан тыс қалмайды. Мәселен, бұған дейін Египет, Түркия, Бангладеш пен Иран сияқты бірқатар елдер Ресей мен Украинаның бидайына тәуелді болған.    

Сри Мульяни Индравати, Индонезия қаржы министрі:

- Жер-жаһанды жанармай тапшылығы жайлады. Саяси және әлеуметтік маңызы зор мәселе мемлекеттердің экономикасын қалпына келтіру процесінде жығылғанға жұдырық болды. Бүгінде әлем жаһандық энергетикалық дағдарыс алдында тұр. Мәскеу мен Киев арасындағы текетірестен шикізат тауарларының құны мен инфляция  шарықтап кетті.