Франция алапат орман өртімен күресіп жатыр

Франция алапат орман өртімен күресіп жатыр

Тілсіз жауды ауыздықтауа мыңға жуық маман жұмылдырылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ олардың жан қиярлық еңбегіне қарамастан, жалын әзірге дес бермей тұр. Өрт 5 мыңдай ағаш пен жайылымдық жерлерді шарпыған. Осыған байланысты 10 мың адамды қауіпсіз жерге көшіруге тура келді. Қазір Францияның 11 өңірінде аптапқа байланысты қауіптің қызғылт деңгейі жарияланған. Синоптиктердің болжамы бойынша ауа температурасы тек сейсенбіге қарай түсе бастайды.