Ван Гогтың көпшілікке беймәлім автопортреті табылды

Ван Гогтың көпшілікке беймәлім автопортреті табылды

Винсент Ван Гогтың көпшілікке беймәлім автопортреті табылды.

Шотландияның ұлттық галереясының қызметкерлері оны «Шаруа әйелдің басы» атты туынды сыртындағы картон қағаз бен желім арасынан тауып алған. Олар жасырын портретті рентген арқылы өткізген кезде байқапты. Шығарма алғашқыда Джеймс Бонд туралы роман авторы Ян Клеймингтің отбасына тиесілі болған. Кейін бірнеше рет жекенің қолына өткен. Енді Ван Гогтың бет-әлпеті бейнеленген суретті қалпына келтіру жоспарланып отыр. Ал оған дейін автопортретті көрмеге келушілер тамашалай алады.

Лесли Стивенсон, Шотландия ұлттық галереясының реставраторы:

- Рентген суреті қолымызға түскенде қатты толқыдық. Қос қабатты кенеппен жұмыс істеу кез келген реставратор үшін сирек құбылыс. Оның үстіне атақты суретшінің өз-өзін салған суреті құнды дүние екені баршаға аян.