Перуде иттер жарысты

Перуде иттер жарысты

Перу астанасы Лима қаласында халықаралық иттер күніне орай жарыс өтті.

Шараға 4 аяқтылар мен олардың иелері қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарыс салауатты өмір салтын дәріптеуге бағытталған. Үй жануарларымен серуенге шығып, жүгіру дағдыларын қалыптастыруды көздейміз, дейді мамандар. Жарыс басталмай тұрып барлық қатысушылар медициналық тексерістен өтті. Додаға кәмелет жасқа толмаған балалар да тартылды. Соңында жеңімпаз анықталып, марапаттау рәсімі өтті.