Үндістанда жолаушылар автобусы өзенге құлады

Үндістанда жолаушылар автобусы өзенге құлады

Үндістанның Мадхья-Прадеш штатында жолаушылар автобусы көпірден өзенге құлап кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көлікте 30-дан аса адам болған. 13 жолаушы апат орнында қаза тапты. 15 адам құтқарылды. Апатқа не себеп болғаны белгісіз. Үндістанда көлік апаттары жиі болып тұрады. Жүргізушілердің біразы жол ережелерін сақтамайды, оған қоса жолдар мен көліктер әбден тозған.