Испанияда орман тағы отқа оранды

Испанияда орман тағы отқа оранды

Испанияның Самора өңірінде орман өрті шықты. Құрғақ ауа райы мен күннің ысуынан от лезде тұтанып, орман алқабын шарпыған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір елде сынап бағанасы 45 градусқа жетті. Жергілікті баспасөз құралдарының мәліметі бойынша Испанияда бір аптада он шақты орман өрті шыққан. Мыңдаған адам қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр. Ресми ақпаратқа сәйкес биыл Испанияда 70 мың гектар орман өртенді.