Ұлыбританияда температуралық рекорд орнатылды

Ұлыбританияда температуралық рекорд орнатылды

Еуропада аптап ыстықтың беті қайтпай тұр. Ұлыбританияда ауа температурасы 40 градустан асты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Лутон әуежайында ыстықтан ұшу-қону жолағы зақымданған. Пойыздардың қатынау кестесі де өзгерді. Сатушылар ауа желдеткіштеріне сұраныстың көбейгенін айтып отыр.

Бо Уорд, саяхатшы:

Мен Аляскадан келдім. Жатақханада жату мүмкін емес. Сондықтан Темза өзенінің жағасындағы саябақтардың біріне барсақ па деп отырмыз. Лондонда осындай ыстық болады деп кім ойлаған.

Францияда да соңғы 70 жылда болмаған аптап орнап, рекорд жаңартылды. Соның салдарынан орман өрті де жиілеген. Қауіпті аймақтан 35 мың адам эвакуацияланды. Күннің ыстығына байланысты жұрт ауа желдеткіштерін жиі қолданып жатыр. Сол себепті электр энергиясының бағасы шарықтап кеткен.

Майя Брейнерд, Париж тұрғыны:

Саябақтардың бары қандай жақсы. Олар болмағанда, не істер едік. Балаларға обал. Мынадай ыстықта бүлдіршіндермен тек саябақта ғана сая табуға болатын шығар. Ауа желдеткіштерін үздіксіз пайдалану қалтаны қағады.