Саудиялық кеме 10 тонна бензинді суға төкті

Багам аралдарына отын әкеле жатқан кеме жанармайдың 113 мың литрден астамын төгіп алды. Бұл туралы елдің премьер-министрі жариялады.

Атап айтқанда, оқиға Ұлы Эксума атты курортты аралдың маңында болған. Жанармайды тасушы кеме Сауд Арабиясына тиесілі еді. Ол Багамдық Сан Ойл (Sun Oil) компаниясымен келісім жасаған. Қазір компания жанармайды сүзіп алудың амалын жасап жатыр. Әзірге экологиялық апаттың салдары қандай болатыны белгісіз. Жалпы Ұлы Эксума аралының көрікті жағажайы мен тұнық суы қашан да туристер үшін тартымды саналады. Сондай-ақ әлем саяхатшылары мұнда адамдармен бірге суға шомылатын жабайы доңыздарды көруге келеді.