Қытайдың Цзянсу провинциясын бірнеше алапат құйын шарлап өтті

Қытайдың Цзянсу провинциясын бірнеше алапат құйын шарлап өтті

Салдарынан 1 адам көз жұмып, тағы 30-ға жуығы жарақат алған, деп хабарлайды «Хабар 24».

 Желдің жылдамдығы сағатына 220 шақырымға дейін жеткен. 3 мыңнан аса үйге нұқсан келді. Жел ұшырып әкеткен мотоциклде есеп жоқ. Ауыл шаруашылығы саласы да айтарлықтай зардап шеккен. Өйткені құйын біраз егіс алқабын тас-талқан еткен. Қазір табиғат апатының салдарын жою жұмыстары жүріп жатыр. Жергілікті билік 65 миллион юань материалдық шығын келгенін айтуда. Бұл теңгеге шаққанда 4 жарым миллиардтан асады.