Грузияда шаруалар қара бүлдіргеннен құтыла алмай әлек

Грузияда қара бүлдірген егісі 8 жыл бұрын пайда болды. Әуелде 400 гектар болған алқап 30 пайызға дейін қысқарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шаруалар енді аталған бүлдіргеннен құтыла алмай әлек. Өйткені пайда түспейді. Былтыр Ресейге экспорттаған, биыл ол да жоқ.

Элисо Гвиниашвили, Жидек өндірушілер қауымдастығының мүшесі:

- Негізі өнім жақсы. Бірақ көп болғанын қайтейік, сата алмай отырмыз. Бағасы да арзандап кетті. Қара бүлдіргенді егу, сату тиімсіз. Шырын жасайтын фабрикалар бар, алайда олар да арзанға алады.

1 гектардан 8 тонна қара бүлдірген жиналады. Шаруалар оның келісін 50 центке ғана сатады. Жұмысшыларға қыруар ақша төленеді. Бұған химикат пен тыңайтшық шығынын қосыңыз. Бұрыннан Францияда тұратын кәсіпкер Кахетиядан 4 гектар жерге жидек еккен. Бірақ бұл еңбегі еш кетіпті.

Тамара Байдарашвили, шаруа:

- Шығынға белшеден баттық. Енді бау-бақшаны түбірімен отап тастайық деп отырмыз. Тиімді болса, тоңазытқышта қатырып, экспортқа жіберер едік.

Ал Ауыл шаруашылығы министрлігі қара бүлдіргеннен пайда табуға болады дейді.

Гела Ханишвили, Грузия Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары:

- Бұрын қара бүлдірген аз кезде, сұраныс жоғары болатын, бағасы қымбат еді. Қалай нарыққа көп шығарыла бастады, құны кете бастады. Былтыр көрші елдерге 100 тоннадан астам жидек экспорттадық. Былтыр бұл көрсеткіш 47 тоннаны құрады.

Тағы бір үлкен мәселе – Еуропа нарығына шығуға рұқсат беретін куәліктің жоқтығы. Оны алу үшін өнім сапа стандартына лайықталып өндірілуге тиіс. Қара бүлдірген 30 градус ыстыққа ғана төтеп береді. Ал Кахетияда жазда 45 градусқа дейін күн ысып, бүлдіргенді бүлдіріп жібереді.

Авторлары: Ернат Мелсұлы, Юлия Тужилкина