Испанияда азық-түлік 35% қымбаттады

Испанияда азық-түлік 35% қымбаттады

Испанияда азық-түлік ай сайын қымбаттап барады. Ресми статистика жүгінсек, ұн мен май өнімдерінің құны 35 процентке дейін артқан. Мамандардың айтуынша, бұл кейінгі отыз жыл жыл ішіндегі ең жоғарғы көрсеткіш, деп хабарлайды «Хабар 24».

Испанияда инфляция көлемі маусым айында 10 процентке дейін көтерілді. Мемлекеттің статистикалық басқармасының мәліметінше бұл 37 жылдағы ең жоғарғы көрсеткіш. Кейінгі айда Испанияда күнделікті тұтынатын азық-түлік бағасы да қатты шарықтап кетті. Май – 35,5, макарон өнімдері отыз, ұн – 25,5 және жұмыртқа – 25 процентке қымбаттаған.

Лидия Агирре, зейнеткер:

Мен мысалы жалғызбасты зейнеткермін, аптасына 40-50 еуро азық-түлікке жаратушы едім, қазір мұндай баға жоқ. Тура сол қарапайым тауарларды сатып алу үшін қазір 140 еуро жұмсауға тура келеді. Тамақты үйде әзірлеймін, ешқандай мейрамханаға бармаймын,артық қаражат жұмсамаймын.

Испанияда ұн мен ет өнімдері де қымбаттап кетті. Украинадағы қарулы қақтығыстан елде ұн тапшылығы туды. Салдарынан нан бағасы 12,6 процентке көтерілді. Сиыр еті 12,3, құс еті 13,6 ал балық 11,7 процентке артқан.

Сандра Гарсие, Камбрильс қаласының тұрғыны:

Үш балам бар. Жалғызбасты анамын. Азық-түлік бағасының өсімі қалтама ауыр соқты. Ұн өнімдері, оның ішінде балалар тағамы бір айда бірнеше есе артты. Бұрын бір еуроға алып жүрген бәліш қазір үш еуро тұрады. Қымбатшылық барлық тауарды қамтыды.

Кейінгі айдағы қамбатшылық азық-түлікпен қатар кафе, мейрамхана және қонақ үйге де әсер етті. Мемлекеттің статистика басқармасы бұл саладағы қызмет құны он процентке артқанын мәлімдейді. Әсіресе қонақүйдегі номер қымбаттаған. Былтырмен салыстырғанда баға 45,4 процентке артқан.

Авторлары: Аида Қыдырбай, Дмитрий Рогач