Румынияда дін қызметкерлері тасаттық берді

Румынияда дін қызметкерлері тасаттық берді

Румыния билігі де тұрғындарды суды ақылмен жұмсауға шақырып отыр. Өйткені ел аумағының 70 проценті қуаңшылықтан зиян шеккен. Қазір мұнда күн шыжып тұр. Жаңбыр жаумағына біраз болды. Сондықтан жергілікті дін қызметкерлері Құдайдан жауын сұрап, тасаттық өткізді.

Мемлекет бидай, жүгері мен арпаның ірі экспорттаушысы саналады. Алайда билік қуаңшылық кесірінен биыл сыртқа шығарылатын астық көлемі қысқаруы мүмкін екенін ескертті. Елде сумен қамту жүйесі дұрыс ойластырылмаған. Фермелер бұл да жығылғанға жұдырық болғанын айтады.