Мексикада АҚШ-қа өтуді мақсат еткен тағы бір мигранттар керуені құрылды

Мексикада АҚШ-қа өтуді мақсат еткен тағы бір мигранттар керуені құрылды

Бұл жолы керуен Чьяпас штатына тұрақтаған венесуэлалық босқындардан жасақталған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған жергілікті биліктің келімсектерге ел аумағында емін-еркін жүруге рұқсат бермеуі түрті болған. Мигранттар мұндай құжатсыз бұл жерде ұзақ өмір сүре алмайтындарын айтады.

- Біз иммиграциялық кеңседен рұқсат құжатын сұрағанымызға 15 күн болды. Олар мұндай құжатты тек үш айдан кейін бере алатынын айтып жабылып қалды. Ал біздің ақшамыз таусылды. Бұл жерде жұмыссыз өмір сүре алмаймыз. Тығырықтан шығудың жалғыз жолы керуен.

- Біз жергілікті заң бойынша осы жерде 3 ай өмір сүруіміз керек. Бірақ ұзақ күтуге қаржымыз жоқ. Сондықтан керуен құрылды.