Ресейден Еуропаға тасымалданатын газ азаяды

Ресейден Еуропаға тасымалданатын газ азаяды

«Газпром» компаниясы «Солтүстік ағын-1» газ құбыры арқылы өтетін тағы бір турбинасын жауып тастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сәрсенбіден бастап Еуропаға тасымалданатын көгілдір отын екі есеге тәулігіне 33 млн текше метрге дейін қысқарады. Бұл Солтүстік Ағын қуаттылығының тек 20%-і.

«Газпром» басшылары турбина техникалық жөндеу жұмыстарын қажет етеді дегенді алға тартса, Германия билігі сылтау деп қабылдады. Шешім Ресейге салынған экономикалық санкциялардың кесірінен туындаған. Маусым айында «Газпром» Еуропаға газ жөнелтуді анығұрлым азайтқан болатын. «Солтүстік ағын-1» Ресей газын Германия мен Еуропаның өзге елдеріне жеткізетін негізгі құбыр болып саналады.