АҚШ-тың Кентукки штатында су тасқыны апатынан 8 адам көз жұмды

АҚШ-тың Кентукки  штатында су тасқыны апатынан 8 адам көз жұмды

АҚШ-тың Кентукки  штатында су тасқыны елдің ойран-топырын шығарды. Апаттан 8 адамның көз жұмғаны белгілі. Тағы бірнешеуі із-түзсіз жоғалған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті билік мерт болғандардың саны әлі де өсуі мүмкін дейді. Штат губернаторы 6 округте төтенше жағдай жариялады. Кей өңірлерде судың деңгейі белуардан асады. Тасқыннан 23 мың баспана жарықсыз қалды. Эвакуация жұмыстарына полиция қызметкерлері мен ұлттық ұлан сарбаздары тартылған. Зардап шеккендер тікұшақпен және қайықпен көшіріліп жатыр. Синоптиктер кей жерлерде нөсер жауын мен қатты дауыл жалғасуы мүмкін екенін айтты.