Нотр Дам де Пари шіркеуі 2024 жылы ашылады

Нотр Дам де Пари шіркеуі 2024 жылы ашылады

Әлемдегі танымал сәулет өнерінің ең тамаша туындыларының бірі – Нотр Дам де Пари шіркеуі 2024 жылы ашылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шара қалада өтетін Оимпиада ойындарына орайластырылған.

Айта кеткен жөн, Норт-Дам де Пари 2019 жылы өртенген еді. Салдарынан шіркеуге айтарлықтай нұқсан келді. Сол уақыттан бері қалпына келтіру жұмыстары жалғасып келеді. Ол 3 сатыдан тұрады. Жақында соның алғашқысы аяқталды. Әуелде қалпына келтіру жұмыстары кезінде заманауи дизайн қолдану туралы ұсыныстар айтылған. Алайда ойлана келе сарапшылар шіркеудің сол алғашқы түрін сақтап қалуды ұйғарған.