Қытай АҚШ-қа ескерту жасады

Қытай АҚШ-қа ескерту жасады

АҚШ орта қашықтыққа ұшырылатын зымырандарын Жапонияда орналастырса,  Қытай тарапы қарап қалмайды. Қытайдың қорғаныс министрлігінің ресми өкілі У Цянь арнайы ұйымдастырылған брифингте осылай деді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақпарат құралдары таратқан мәліметтерге сәйкес, АҚШ Жапониядағы саяси күштермен бірігіп, Кишида үкіметін Америка әскеріне болысуға, атап айтқанда, орта қашықтыққа арналған зымырандарды оңтүстік-шығыстағы аралдарға орналастыруға көндірмек болған. Осы ретте У Цянь АҚШ-тың бұл қитұрқы әрекеті жауапсыз қалмайтынын ескертті.