Молдовада төтенше жағдай режимі ұзартылады

Молдовада төтенше жағдай режимі ұзартылады

Молдова парламенті елдегі төтенше жағдай режимін тағы 60 күнге ұзартпақ ниетте. Бұған Украинадағы қарулы қақтығыс себеп. Құжатты 52 депутат қолдаса, опозиция өкілдері қарсылығын білдірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың пікірінше, қаржы дағдарысының қыспағында қалған халықтың ереуілдетпеуі үшін билік осындай шешім қабылдап отыр. Төтенше жағдай кезінде мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлу, табиғи газ бен электр қуатын үнемдеуге арналған қосымша шаралар қолға алынбақ.

Айта кетейік, Молдава 2021 жылдың соңынан бері Төтенше жағдай режимінде өмір сүреді.