Жапонияда үй жануарына арналған желдеткіш киімге сұраныс көп

Жапонияда үй жануарына арналған желдеткіш киімге сұраныс көп

Жанауарларға арналған желдеткіш киім. Жапонияда ит-мысыққа арнап тігілген киімге сұраныс көп. Биыл жаңбырлы маусымнан кейін, күншығыс елінде бұрың-соңды болмаған аптап ыстық орнаған еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сынап бағанасы 35 градустан түспей, жапондар ит-мысығын ыстықтан қорғаудың амалына көшті. Елде жоқ дүниені жасау идеясы аяғы ауыр келіншектерге арналған киім өндірісінің президенті Рей Удзаваға тиесілі.

Оның айтуынша, үйіндегі чихуахуа күшігінің ыстықта қиналғанын көрген соң осындай киім тігуді қолға алған. Жануарларға лайықталған киімге салмағы 80 грамм желдеткіш орнатылған. Бұл киім нарыққа шілде айында шықты. Бағасы 74 доллар шамасында.