Гутерриш мұнай-газ компанияларына салықты көбейтуді ұсынды

Гутерриш мұнай-газ компанияларына салықты көбейтуді ұсынды

Әлем елдері тұрмысы төмен халықтың қолдау үшін мұнай-газ компанияларына салық салуы тиіс. Мұндай ұсынысты БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнай-газ алпауыттары шикізатқа сұраныстың артуын пайдаланып, мол байлыққа кенеліп жатыр дейді ұйым басшысы. Мысалы, америкалық «ЭксонМобил», «Шеврон», британиялық «Шелл» және француздық «Тоталь» компаниялары соңғы тоқсанда 51 миллиард доллар пайда тапқан. Табыс көлемі былтырмен салыстырғанда 2 есеге артақан.

Антониу Гутерриш, БҰҰ Бас хатшысы:

- Мұнай-газ компанияларының энергетикалық дағдарысты пайдаланып кедей адамдардың есебінен мол табысқа кенелуі адамгершілікке жат. Энергетикалық компаниялар былтыр алғашқы тоқсанында 100 млрд доллар пайда тапты. Мұндай артық табысқа салық салып, тұрмысы төмен халықты қолдауға шақырамын.