Лондондағы Әзербайжан елшілігіне шабуыл жасалды

Лондондағы Әзербайжан елшілігіне шабуыл жасалды

Лондондағы Әзербайжан Республикасының елшілігіне радикалды ұйым өкілдері шабуыл жасады.

Ақпаратты Әзербайжанның сыртқы істер министрлігі растап отыр. Ғимаратқа баса көктеп кіргендер діни ұрандарын айтып, ұйымның туын көтерген екен.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, жергілікті полиция дер кезінде әрекет етіп, қаскөйлерді сыртқа шығарып үлгірді. 8 адам тұтқындалды. Елшілік қызметкерлері дін аман. Оқиғаға қатысты жауапкершілікті жергілікті радикалды ұйым өз мойнына алды.